Былтыр негізгі капиталға инвестициялар 13,7 пайызға өсті – Ұлттық Банк

159

Өткен жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық секторында инвестициялар өскен. 

Былтыр негізгі капиталға инвестициялар 13,7 пайызға өсті – Ұлттық Банк Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сыртқы экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, Қазақстан 2023 жылы экономикалық өсуді 5,1% деңгейінде қамтамасыз ете алды, бұл әлемдік өсімнен жоғары. Өткен жылы ішкі сұраныс динамикасы тұрақты өсу қарқынын көрсетті. Үй шаруашылықтарының соңғы тұтыну шығыстары 4,5%-ға өсті. Негізгі капиталдың жалпы қоры 20,7%-ға артты. Негізгі капиталға инвестициялар 13,7%-ға өсті", - деді Тимур Сүлейменов.

Сөзінше, экономиканың барлық секторында инвестициялар өскені байқалды. 

"Сонымен бірге тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың жоғары қарқыны өткен жылы импорттың 17,9%-ға дейін өсуін жеделдетті. Экспорт шикізат бағасының төмендеу салдарынан 6,7%-ға төмендеді", - деді Ұлттық Банк Төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу