Былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,9%-ға артты – Қаржы министрі

526

ЖІӨ өсімі 3,3%-ды құраған.

Былтыр негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,9%-ға артты – Қаржы министрі Фото: inform.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс отырысында 2022 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының сөзінше, 2022 жылы пандемиядан кейін экономиканың біртіндеп өсуі және іскерлік белсенділіктің жандануы байқалды. 

"Азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік қымбаттауы аясында Қазақстандағы инфляция деңгейі нысаналы көрсеткіштен асып, 20,3%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,9%-ға ұлғайды. Жұмыссыздық 4,9% деңгейінде сақталды", - деді ол.

Министр түсімдер 102,1%-ға атқарылып, 16,1 трлн теңгені құрағанын жеткізді. Ал, шығыстар 98,6%-ға игерілген (18,5 трлн теңге).

"Әлеуметтік шығыстардың өзі 2021 жылмен салыстырғанда 987 млрд теңгеге ұлғайып, 8,5 трлн теңгені құрады. Бұл республикалық бюджеттің жалпы көлемінің 46%-ы. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге шаққанда 2,3% болды", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу