Елімізде шаңырағы шайқалып, ойран болған отбасылар көбейді. Былтыр неке қиған 102 мың жұптың 41 мыңы ажырасып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.
"Сотқа шағымданушылардың себебі әртүрлі. Ұзақ уақыт балалары болмағандықтан ерлі-зайыптылар арақатынасының суып кетуі бар, әлеуметтік желілер арқылы танысып, үйленгеннен кейін мінездері келіспей ажырасып жататындары бар. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың екі қалада тұруы да себеп болады. Бұл әсіресе Астанада жиі кездесетін жағдай", – дейді Алматы аудандық сотының судьясы Майя Қасымова.
Шаңырағы берік отбасылар еліміздің оңтүстік және батыс өңірінде екен. Ал Павлодар облысы ажырасу бойынша көш бастап тұр. Неке қиятындар санының көптігі бойынша Астана көш бастап тұр.