Былтыр ОҚО-да 695 миллион теңге игерілмей қалды

813

Былтыр ОҚО-да 695 миллион теңге игерілмей қалды

Былтыр ОҚО-да қаржының 695 млн теңгесі игерілмей қалды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Мұның объективті және субъективті себептері бар дейді өткен жылды қорытып, брифинг өткізген облыстық қаржы басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев. Оның айтуынша, қомақты қаражаттың 100 млн теңгесі резервтік қаржы.

"Қаражаттардың игерілмеуіне негізгі себептер жұмыстар уақтылы жасалмайды, тауарлар уақытылы жеткізілмейді, ақшалардың жұмсалмауына мемлекеттік сатып алулардың да қатысы бар", - дейді Әбдірахман Тасыбаев.

Қаржы басқармасының басшысы былтырғы жылы жекешелендірілген коммуналдық меншіктегі нысандарға да тоқталды. Айтуынша облыстағы коммуналдық меншіктегі 21 нысанның 13-і электронды саудаға қойылған. Оның ішінде 10 нысан сатылып, 8-і электронды тендерге шығарылған. Ал 7 нысан кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқарауға беріліпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу