Былтыр өндіріс орындарында 11 адам қаза тапқан

838

2019 жылы өндіріс ошақтарында 1447 тексеру жүргізілген екен.  Барлығы 50193 заң бұзушылық анықталып, 168 млн теңге айыппұл салынған.

Былтыр өндіріс орындарында 11 адам қаза тапқан

Былтыр республиканың қауіпті өндірістік нысандарында 28 оқыс оқиға тіркеліп, 24 адам зардап шегіпті. Оның ішінде 11 адам қаза тауып, 7 адам ауыр жарақат алған, 6 адам жеңіл дәрежеде жарақат алыпты, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғалар көмір, тау-кен, металлургия, мұнай-химия, мұнай-газ өндіру, жарылыс жұмыстарын жүргізетін нысандарда, қазандық және газ шаруашылықтарында, көтергіш құрылыстарда орын алған. 

Тексере келе анықталғандай, жазатайым оқиғалардың деніне ескірген жабдықтарды пайдалану себеп болыпты.

Министрлік осы мәселені шешу кәсіпорындармен бірлесіп жыл сайын техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспары әзірленгенін алға тартады. Бүгінде 1424 техникалық құрылғы мен 66 технологиялық желі ауыстырылған.

Мамандардың мәліметінше, тіркелген оқыс оқиғалардың келесі себебі – өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары мен ережелерін бұзу. Үшіншіден, өндірістік бақылаудың төмен болуы, я болмаса тіпті жүргізілмеуі және қызметкерлердің төмен біліктілігі.

2019 жылы өндіріс ошақтарында 1447 тексеру жүргізілген екен. Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 50193 заң бұзушылық анықталып, 168 млн теңге айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу