Былтыр отандық нарыққа дәрілік заттардың 117 атауы жіберілмеді

633

Елде 7,5 мыңға жуық дәрілік препарат пен 11 мыңнан астам медициналық бұйым тіркелген. 

Былтыр отандық нарыққа дәрілік заттардың 117 атауы жіберілмеді Фото: gov.kz

Өткен жылы отандық нарыққа дәрілік заттардың 117 атауы, медициналық бұйымдардың 164 атауы жіберілмеді. Бұл туралы ДСМ вице-министрі Жандос Бүркітбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, жыл сайын дәрілік заттарға сараптама жүргізіледі. 

Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитеті 2022 жылы дәрілік заттардың бөлшек сауда нарығына 2,7 мыңнан астам тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 579 әкімшілік хаттама жасалды, 90 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Бұдан басқа 66,5 млн теңге сомаға айыппұл салумен дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 588 фактісі анықталып, заңсыз айналымнан 10 млн-нан астам дәрілік зат пен медициналық бұйым қаптамасы алынды.

"Тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бақылау шеңберінде олардың сапасына бағалау жүргізіледі. Осылайша, жыл сайын Ұлттық сараптама орталығы сапаны бағалау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 100 мыңға жуық сәйкестік сертификатын, сондай-ақ 2000-ға жуық теріс қорытынды береді, бұл сапаны бағалаудың жалпы санының 0,2%-ын құрайды", - деп атап өтті вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу