2022 жылы ресейлік өндірушілер жанармай бағасын 38%-ға, қазақстандық өндірушілер 8,8%-ға төмендетті, деп жазады inbusiness.kz.
"Еуразиялық экономикалық одақтағы автомобиль бензиніне тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсанға қарағанда 2022 жылғы желтоқсанда 101,4%-ды құрады. Осы тұста бензин өндірушілердің баға индексі 69,1% құрады", - деп атап өтті ЕАЭО сарапшылары.
2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда жанармай өндірушілер тарапынан бағаның төмендеуі Ресей (38%) мен Қазақстанда (8,8%) байқалды.
Өткен жылы желтоқсанда орташа тұтыну бағасы жанармай өндірушілердің орташа бағасынан асып түсті: Ресейде – 3,7 есе, Қазақстан мен Қырғызстанда – 1,6 есе, Беларусьте – 47,4%.