Былтыр отандық параспортшылар халықаралық жарыстарда 187 медаль жеңіп алды

495

Пара пауэрлифтингтен бақ сынаған спортшылар ең көп медаль иеленді. 

Былтыр отандық параспортшылар халықаралық жарыстарда 187 медаль жеңіп алды Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

2022 жылы қазақстандық параспортшылар халықаралық турнирлерде 62 алтын, 63 күміс, 62 қола медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының қоржынына ең көп медальды пара пауэрлифтер (51 медаль, 22 алтын), суда жүзушілер (42 медаль, 15 алтын) және жеңіл атлеттер (41 медаль, 13 алтын) әкелген. Бұдан басқа пара дзюдошылар (20 медаль, 6 алтын) мен пара таэквондошыларды да (16 медаль, 2 алтын) атап өту керек.

"Отандық параспортшылар халықаралық марапаттарға ие болған спорт түрлері: волейбол (отырып) (1 алтын медаль), пара шаңғы жарысы және биатлон (8 медаль, 1 алтын), пара үстел теннисі (5 медаль, барлығы қола), пара садақ ату (2 медаль, 1 алтын) және пара каратэ (1 алтын жүлде).

Қазақстандық параспортшылар үшін ең табысты кезең қараша (61 медаль), маусым (35) және қазан (32) айлары болды. Қараша айында өткен IWAS Дүниежүзілік ойындарында  ел құрамасы 42 медаль жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек маусым айында пауэрлифтингтен өткен Азия мен Океания ашық чемпионатында спортшыларымыз 4 алтын, 8 күміс және 6 қола жүлде иеленсе, қазан айында осы спорт түрінен өткен әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды.

"Елімізде параспорт қарқынды дамып келеді, спортшыларымыз ірі халықаралық жарыстардың тұғырына үнемі көтеріледі. Әрине, біз мұнымен тоқтамаймыз. Керісінше параспортқа көбірек көңіл бөлу керек. Әсіресе, Париждегі Паралимпиада қарсаңында дайындықты күшейту қажет", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу