Былтыр Өзбекстанда туризм саласынан 2,1 млрд доллар пайда түскен

338

2023 жылы Өзбекстанға 6,6 миллионнан астам турист сапар шеккен.  

Былтыр Өзбекстанда туризм саласынан 2,1 млрд доллар пайда түскен Фото: spot.uz

Туризм саласы ел экономикасына 2,1 миллиард долларға жуық кіріс әкеліп, 70 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қытайдың жетекші электронды басылымы Daily Economic-те Өзбекстанның туристік әлеуеті туралы мақала жарияланды. 

Мақалада Өзбекстан 2030 жылға қарай 15 миллион шетелдік турист тартуды мақсат тұтатыны жазылған. 

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, жас туристерді тарту үшін Өзбекстан өзінің көрікті жерлерін насихаттау мақсатында 10 миллионнан астам оқырманы бар блогерлер мен әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланып келеді.

Өзбекстанда туризм ұзақ уақыт бойы белсенді дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Онда туристік фирмалар мен қонақүйлердің саны жыл сайын артып келеді. Самарқанд, Бұхара мен Хиуа сияқты тарихи қалалар туристер легін арттыруда маңызды рөл атқарады. Көптеген туристерді  Өзбекстанның бай тарихы мен мәдени мұрасы үшін қызықтырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу