Былтыр Өзбекстанға 38,5 млн долларға май-тоң май өнімдері экспортталған

844

"Атамекен" май және тоңмайды шығарып, экспорттайтын компаниялардың өкілдерін "QazMai" ортақ брендін ілгерілету" семинарына қатысуаға шақырады.

 Былтыр Өзбекстанға  38,5 млн долларға май-тоң май өнімдері экспортталған

25-27 шілде аралығында шетелдік және отандық сарапшылар Қазақстан және Өзбекстандағы май өнімдері нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары туралы, соның ішінде шикізат пен өнімдерді импорттау, мемлекеттік қолдау шаралары жайында ақпарат береді. Семинарға "Узёгмойсаноат" АҚ Өзбестанның май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысады.

Айта кетсек, 2018 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға май-тоң май өнімдерін жеткізу көлемі артып, экспорт жалпы сомасы 38,585 млн АҚШ долларына жетіп, 46,673 мың тоннаны құрады.

Семинарлар Ташкент қаласында 19-20 қыркүйекте өтетін "Қазақстан-Өзбекстан: Май-тоң май өнеркәсібі" Халықаралық конференциясы қарсаңында ұйымдастырылады. Конференцияға 100-ден астам дегелат қатысуға өтініш білдірді, солардың қатарында "Узёгмойсаноат" АҚ өкілдері, Өзбекстан май зауыттары, дистрибьютерлік компаниялар, сауда желілері, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері, "Орта Азиялық сауда үйі" компаниялар өкілдері бар. Іс-шара шеңберінде "Ташкент май комбинатына"  ("Тoshkentyog’-moykombinati" АҚ) бару жоспарланған.

Қатысу сұрақтары бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП "Біліктілік орталығы" ЖШС-ға хабарласуға болады: +7-701-588-54-97, adilet@list.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу