Былтыр Павлодар облысынан 1,6 мың адам көшіп кетті

Есесіне басқа өңірлер мен елдерден қоныс аударушылар көбейді.  

Былтыр Павлодар облысынан 1,6 мың адам көшіп кетті Фото: google

Бүгінде Павлодар облысында барлығы 754,9 мың адам тұрады. Оның 532,8 мыңы, яғни 70,6%-ы – қалалықтар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда облыстағы азаматтардың саны 1608 адамға азайды. Жергілікті статистика департаментінің мәліметінше, өңірге келушілердің қатары көбейіп жатқанымен, аймақтан қоныс аударушылар да азаймай тұр. 

"Былтыр 2021 жылмен салыстырғанда Павлодар облысына басқа республикадан қоныс аударып келген азаматтар 69,6%-ға көбейіп, біздің өңірден керісінше өзге елдерге кеткен тұрғындар саны 19,4%-ға азайды. Дегенмен, көші-қон айырмашылығы -4,7 мың адамды, табиғи өсім +3,1 мың адамды құрады", - деп хабарлады департамент. 

Аудан-қалалар аралығында тек облыс орталығында тұрғындар саны көбейгені байқалады. 2021 жылы Павлодар қаласында 366,2 мың адам болса, былтыр 367,2 мың адам тұрды. 

Жалпы, тәуелсіздік жылдарынан бері Павлодар облысында тек 1991 жылы тұрғындардың рекордтық саны тіркелді. Сол тұста өңірде 956 мың адам болған еді. Ал осы күнге дейін азаматтар саны 22%-ға азайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу