Былтыр Павлодар облысында аң аулауға екі мыңға жуық жолдама сатылды

1045

Оның жалпы сомасы 13,7 млн теңгені құрады.

Былтыр Павлодар облысында аң аулауға екі мыңға жуық жолдама сатылды

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы өткен жылғы аң аулау маусымын қорытындылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 9,4 млн гектар аумақта 38 аң аулау шаруашылығы тіркелген. Бұл шаруашылықтар аумақты күзету, келушілер мен жануарларды есепке алу, биотехникалық шараларды өз қаржысы есебінен атқарады. Былтыр бұл мақсаттағы жұмыстарға барлығы 12,2 млн теңге жұмсалды. Есесіне 13,7 млн теңгелік жолдамалар сатылды.

"Бірреттік жолдаманың бағасы – 4 мың теңге. Ал маусым бойы аңшылыққа шығуға мүмкіндік беретін рұқсаттың бағасы шамамен 10 мың теңге тұрады. Өткен жылы барлығы 1672 жолдама берілді", – дейді инспекция өкілдері.

Сондай-ақ былтыр 139 қорықшы 519 рейд жүргізіпі, оның нәтижесінде 7 тұрғынның аң аулау талаптарын бұзғаны анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аң аулау шаруашылықтарының есебі бойынша, Павлодар облысының аумағында 40 марал, 50 қабан, 93 қасқыр, 27 962 қоян, 7 532 түлкі және тағы басқалары бар.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу