Былтыр Павлодар облысындағы суармалы алқаптардың аумағы 166,9 мың гектарды құраған

362

Биыл Ертіс-Баян өңірінің фермерлері суармалы жерлерді көбейтуге баса мән беріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Былтыр Павлодар облысындағы суармалы алқаптардың аумағы 166,9 мың гектарды құраған Фото: canva.com

Соңғы 4 жылда олардың жалпы алаңы 65 мың гектарға өскен. Тек былтыр 6 жоба жүзеге асып, жаңадан 3,3 мың гектар іске қосылған.

Шаруалар инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша бөлінген 2,4 млрд теңгені толығымен игерді.

"Облыста суармалы жерлер желісін кеңейту мәселесі – өте маңызды әрі өзекті. Биыл бұл көрсеткішті 175 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін тағы 6 жобаны жалғастыратын боламыз. Біздің фермерлер шетелде шығарылған 81 бірлік суару машиналарын сатып алды (Valley, Zimmatic, RKD, Bauer). Сондай-ақ, лимандық суаруды дамыту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Олардың жалпы аумағы 73,3 мың гектар, – дейді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Өңір алдағы алты жыл ішінде барлық лимандық суару жүйелерін реконструкциялауды көздеп отыр. Мысал үшін, биыл Баянауыл ауданында көлемі 6,7 мың, Май ауданында 14,6 мың гектар болатын Қолыбаев лимандық жүйесін қайта жаңарту жобасы қолға алынады.

Лимандық алқаптар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы осы жылдың ақпан айында шығуы тиіс. Одан соң Су ресурстары министрлігімен бірлесіп, қаржыландыру мәселесі пысықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу