2017 жылы Павлодар қаласының аумағында 27 көлік өрттің астында қалған, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
Бұл туралы қалалық ТЖБ мәлім етті.
"Мемлекеттік өртті бақылау қызметкерлерінің көпжылдық сараптама қорытындысы бойынша көліктегі өрттердің көбі қыс кезінде автокөліктердің өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан болады. Суық түскенде төмен температурада көлік иелері ережелерді сақтамай, өздерінің қатып қалған темір тұлпарларын ашық отын, электр құралдары арқылы жылытады. 2017 жылы қала аумағында оқыс жағдай салдарынан 27 автокөлік жойылып, 24-і зақымдалған", – дейді басқарма мамандары.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу