Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов мәлім етті.
"Жыл басынан бері облыстағы саяжай аумақтарында үш өрт оқиғасы тіркелді. 2023 жылы халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы салдарынан облыстың бау-бақшаларында жалпы ауданы 100 гектардан асатын 80 өрт болған. Ал өткен жылы 527 саяжай учаскесі жанып кетті", – дейді басқарма бастығы.
Бау-бақша иелерінің құрғақ шөпті жағу фактілері азаймай тұр. Осыған байланысты ереже талаптарын бұзғаны үшін 37 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 35 азаматқа ескерту жасалса, тағы екі адамға жалпы сомасы 73 840 теңгеге айыппұл салынған.