Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев арнайы брифингте айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"Былтыр 80 мыңнан астам талапкер грант конкурсына құжат өткізген. Оның әр төртіншісі, яғни, 22 мыңы педагогикалық мамандыққа тапсырған. Ол кезде техникалық мамандықтар екінші орында болған. Үшінші орында ІТ сала, төртінші орында медицина болған.
"Математика-информатика" комбинациясын таңдаған талапкерлер биыл үш бағыт бойынша ғана грантқа таласа алады. Ол - ақпарат технологиялары, ақпарат қауіпсіздігі және информатика пәнінің мұғалімі. 2023 жылға дейін талапкерлер ІТ саласына "математика-физика" комбинациясы бойынша тест тапсырып түсетін", - деді орталық директоры.