Былтыр перзент сүйген 501 мың әйелге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған

918

Елімізде жүктілік үшін төленетін жәрдемақының орташа сомасы 540 мың теңгені құрайды. 

Былтыр перзент сүйген 501 мың әйелге мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязов есеп беру брифингінде әйелдерге жүктілікке және бала босануына байланысты төленетін жәрдемақыларға тоқталды, хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша қыз-келіншектерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жұмыс беруші аударған қаражат есебінен төлем қарастырылған. Ол екі жағдайда беріледі. Бірі жүктілікке, екіншісі бала босануына байланысты төленеді. 

"Жүктілікке байланысты төленетін жәрдемақының қазіргі уақыттағы орташа көлемі 540 мың теңгені құрап отыр. 2020 осы мақсатқа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 96,4 млрд теңге көлемінде қаражат төленді", – деді спикер. 

Босанғаннан кейін жәрдемақы бала 1 жасқа толғанғанша аударылады. 

"Былтыр мұндай төлемді 501 мыңнан астам азаматша алды. Оның жалпы сомасы 106,4 млрд теңге. Қазіргі уақытта бұл жәрдемақының орташа көлемі 31 мың теңгені құрап отыр. Биыл жоғарыда аталған екі әлеуметтік төлем үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 253,8 млр теңге қарастырылған", – деді Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу