"Люкс" санатты неміс автокөлік өндірушісі Porsche AG дүйсенбіде IPO-дан кейін кіріс пен операциялық пайда статистикасын көрсететін алғашқы жылдық есебін жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Құжатқа сүйенсек, өткен жылы операциялық пайда 27,4% өсіп, 6,77 млрд еуроға жетті.
Кіріс 13,6%-ға өсіп, 37,63 млрд еуроны құрады. Алайда FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылар көрсеткіш 38,13 млрд еуроға дейін айтарлықтай өседі деп күткен.
Өткен жылы автокөліктерді жеткізу 2,6%-ға өсіп, 309,884 мың автокөлікті құрады.
Операциялық маржа 2021 жылғы 16%-дан 18%-ға дейін жақсарды.
2023 жылы автоөндіруші 17-19% маржа мен 40-тан 42 млрд еуроға дейінгі кірісті түседі деп күтеді. Ұзақ мерзімді жоспарда компания табысын 20%-дан аса арттырмақ.