Қазақстан халқының дене шынықтыру дайындығының президенттік тестілерін тапсыруға 4 миллионнан астам адам қатысқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.
"111 мыңнан астам адам Президенттік деңгейдегі нормативтерден жоғары көрсеткішті орындады. Олардың жартысынан көбі (57 мыңы) – ауыл тұрғындары. Ұлттық деңгей нормативін 207 мың адам (112 мың адам – ауыл тұрғыны) бағындырды. Бастапқы тесттен 470 мың адам өтті (210 мыңы ауыл тұрғыны)", - делінген хабарламада.
Президенттік тестілеуге жақын және алыс қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу және басқа да жаттығулар кіреді.
"Президенттік тест – бұл физикалық дайындықты тексеруге арналған жақсы мүмкіндік және оны жақсартуға деген қосымша мотивация. Әрине, болашақта мейлінше көп адамды қамтуды мақсат етіп отырмыз", - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.