Былтыр ресми дилерлер 123 мың көлік сатты

Бұл соңғы 7 жылдағы ең жоғары нәтиже.  

Былтыр ресми дилерлер 123 мың көлік сатты Фото: Ult.kz

2022 жылы еліміздің автомобиль нарығы қарқынды дамыды. Оған Қазақстан автобизнес қауымдастығы ұсынған статистика дәлел.

2022 жылы ресми дилерлер 123 778 жаңа жеңіл автомобильдер мен коммерциялық көліктер сатты, 2021 жылмен салыстырғанда жалпы өсім 5,3%. 

Желтоқсанда автокөлік нарығы ең жақсы нәтижесін көрсетті – 13 759 авто. Бұл өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 28,3%-ға жоғары.

Әлемдегі жағдайларға, тасымал тізбегінің бұзылуына қарамастан көрсеткіштер өсті. Мәселен, былтыр 103 345 жеңіл авто шығарылды. Бұл 2021 жылдан 28, 1% жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу