Былтыр салық жеңілдіктері 13 трлн теңгеге жуықтады

451

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.  

Былтыр салық жеңілдіктері 13 трлн теңгеге жуықтады Фото: t.me/KZgovernment

2024 жылы салық жеңілдіктерінің жалпы сомасы 12,9 трлн теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша жеңілдіктердің жалпы сомасы 12,9 трлн теңгені құрады, оның ішінде ҚҚС – 8,7 трлн теңге. Оның 80%-дан астамы халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты жеңілдіктер", –  деді министр Мәди Тәкиев.

Министр ҚҚС түсімдері жылдан жылға өсіп келе жатқанын айтты. 2024 жылы олар 6,4 трлн теңгеге жетті.

"Салық кодексінде ҚҚС импортының жеңілдіктері мен өзара есепке алу әдісі сақталған. Бұл біздің кәсіпорындарға біз өндірмейтін тауарларды импорттауға мүмкіндік береді. Бұл болашақта біздің экономикамызға тиімді болады", – деді Тәкиев.

Оның айтуынша, салық кодексінде салық жеңілдіктерін шамамен 1 трлн теңгеге азайту қарастырылған. Сондай-ақ, жаңа жеңілдіктер енгізілгенге дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Қаржы министрлігінен келісу қажет болатын ережелер қосылды.

Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы республикалық бюджеттің кірісі 13,5 трлн теңге болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу