Былтыр "Самұрық-Қазына" тобының таза табысы 39 пайызға өскен

104

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдап, есебін тыңдады.  

Былтыр "Самұрық-Қазына" тобының таза табысы 39 пайызға өскен Фото: t.me/aqorda_resmi

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Компанияның табысы:

2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскен.

Іске қосылған инфрақұрылымдық жобалар:

  • Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді; Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады;
  • Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды;
  • Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор пайдалануға берілді.

Инвестициялық жобалар:

  • Биыл мамыр айында битум өндірісін кеңейту жобасы басталды;
  • Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр.

Мәмілелер:

Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Теле2) ұялы байланыс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жасалды. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларына инвестиция тартуға ықпал етеді.

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы:

Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бітуге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу ошағын салу жоспарланған.

Президент тапсырмасы:

Компания активтерінің тиімділігін жоғарылату, құнын арттыру; инвестициялық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру. Қасым-Жомарт Тоқаев Азия, Еуропа және АҚШ-тағы әлемнің ең ірі қорларымен ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнатудың маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу