Былтыр "Самұрық-Қазынаның" ел экономикасындағы үлесі ұлғайды

932

2017 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 4 трлн теңгеден астам соманы құрады.

Былтыр "Самұрық-Қазынаның" ел экономикасындағы үлесі ұлғайды

2018 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен қоржындық компаниялар тобының ел экономикасындағы үлесі артып, 2017 жылмен салыстырғанда 1,2 есе артып, 4 трлн теңгеден астам соманы құрады, деп хабарлайды қордың қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Мәселен, "ҚазМұнайГаз" ҰҚ үлесі 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,17%-дан 4,69%-ға ұлғайды, "ҚТЖ"ҰК" АҚ үлесі 0,97% – дан 1,11%-ға дейін жетті.

Сонымен қатар, 2017 жылмен салыстырғанда  қор кірісі (ROE) 6,5%-дан 8,0%-ға дейін артып, Темасек Холдинг (Сингапур), Future Fund (Австралия) сынды халықаралық ұлттық әл-ауқат қорларының өсу қарқынына жетті.

Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 35% артып, 8,5 трлн теңгеден асып жығылды. Таза кіріс 83%-ға ұлғайып,  бұл 1,1 трлн теңгеден астам соманы құраған. Қазақстан бюджетіне төленген салықтың көлемі 38,8%-ға артты (1 трлн теңгеден астам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу