Былтыр санавиация арқылы 4420 пациентке шұғыл көмек көрсетілді

516

Медициналық авиация нысанында шұғыл медициналық көмек Қазақстан азаматтарына ТМККК шеңберінде көрсетіледі.  

Былтыр санавиация арқылы 4420 пациентке шұғыл көмек көрсетілді Фото: gov.kz

Былтыр санитариялық авиацияның көмегімен 4420 пациентке медициналық көмек көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оның ішінде патологиясы бар 1468 балаға, жарақаттану, жазатайым оқиғалар және улану бойынша 730 пациентке, акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар бойынша 859 адамға, қанайналым жүйесі аурулары бар 560 науқасқа, жаңа туған 517 сәбиге, басқа аурулары бар 286 пациентке медициналық көмек берілген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 5230 медициналық қызмет көрсетілді. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарға 2381 пациент тасымалданды, 153 күндізгі консультация өткізілді, 205 ота жасалды, 2491 қашықтан медициналық қызмет ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, халыққа консультациялық және жедел медициналық көмек көрсету үшін Астана, Алматы республикалық клиникалары мен медициналық ұйымдарынан 251 маман жұмылдырылды.

Еліміз бойынша санитариялық авиация тәулігіне орта есеппен 15 ұшуға дейін орындайды.

"Республика шегіндегі медициналық авиация рейстерінен басқа, шет мемлекеттегі медициналық ұйымдарда аса ауыр жағдайда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарын халықаралық тасымалдау да жүзеге асырылады. Былтыр медициналық авиация отандық медициналық мекемелерде емдеуді жалғастыру үшін шетелдік клиникалардан Қазақстан Республикасының 16 азаматын тасымалдады", - деп атап өтті министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу