Былтыр Сингапурдан Қазақстанға 457 млн доллар тікелей инвестиция түсті

223

Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2023 жылы $1,8 млрд құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт 94%-ды құрайды.

Былтыр Сингапурдан Қазақстанға 457 млн доллар тікелей инвестиция түсті Фото: Pixabay

Ал көрсетілетін қызметтер саудасы 2023жылы $9,6 млн. құрап, қазақстандық көрсетілетін қызметтер экспортының үлесі 37%-ды құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы және жалпы әлемдік экономикадағы флагман, сондай-ақ, ірі IT және қаржы хабы — Сингапурмен байланысты одан әрі дамыту мақсатында бүгін Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылданды.

"Келісім шеңберінде қазақстандық бизнес үшін Сингапурдың көрсетілетінқызметтер нарығына қолжетімділікті кеңейтіп, жақсарттық. Осылайша, Сингапур Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндетемелер шеңберінде ашылған көрсетілетін қызметсекторларынан басқа, Қазақстан үшін дистрибьютерлік қызметтер, білім беру саласындағы қызметтер, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтер нарығына қосымша жол ашты", - деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар, инвестициялар шеңберінде Қазақстан үшін көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде отандық өнім үлесі талаптарын, экономиканың аса елеулі салаларында – жер қойнауын пайдалану, жер мәселелері, жаңартылған энергия көздері – шектеу шараларын қолдану құқығы сақталды.

Қазақстанға Сингапурдың салған тікелей инвестицияларының көлемісоңғы 10 жылда 1,7 млрд. АҚШ долларын құраған. 2023 жылы Сингапурдан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 457 млн. АҚШ долларын құрап отыр.

Жалпы, көрсетілетін кызметтер саласы әлемдік экономиканың аса ірі әрі перспективалы секторы болып табылатынын атап өткен жөн. Әлемдік жалпы ішкі өнімдегі көрсетілетін қызметтер үлесі дамыған елдерде шамамен 75%-ды және дамушы елдерде 50%-ды құрайды.

Қазақстанның жалпы ішкі өнімқұрылымында көрсетілетін қызметтердің үлесі 50%-дан асады. Осыған байланысты, әлемдік тәжірибеде көрсетілетіндей қызметтер саласын ілгерілету және дамыту үшін жағдай жасау мақсатында көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы мен инвестициялар туралы келісімдер қолданылады, делінген вице-министр баяндамасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу