Былтыр Сыр өңірінде некеге тұрған 6 мыңға жуық жұптың 2 мыңдайы ажырасқан

822

Яғни 100 некенің 34-і ажырасатыны анықталған.

Былтыр Сыр өңірінде некеге тұрған 6 мыңға жуық жұптың 2 мыңдайы ажырасқан

Қызылорда облысы халқының саны 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 795,3 мың адамды құрайды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айында өңірде 19,1 мың бала дүниеге келіпті. Олардың ішінде 179-ы – егіз бен үшем. Нәрестелере қойылған аттардыі ішінде Нәйлә, Інжу, Раяна, Айару, Мансұр, Айсұлтан, Нұрасыл есімдері ең жиі кездеседі.

Сыр өңірінде 2018 жылы 5735 жұп некеге отырған, алайда 1708-і бір жыл толмай ажырасып үлгерген, яғни 100 некенің 34-і ажырасатыны анықталған.

Алғашқы некеге тұрудың ерлер бойынша орташа жасы – 27 болса, әйелдерде – 24 жас.

Аймақ халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 1995 жылмен салыстырғанда 5,2 жылға артып, 72,6 жылды құрады. Мәселен, ерлерде – 68,6 жас, ал әйелдерде – 76,5 жас, 7,9 жас айырмашылығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу