Былтыр тау-кен кешені саласына 3,6 млрд доллар инвестиция құйылған

303

Өсім 12%-ға тең. 

Былтыр тау-кен кешені саласына 3,6 млрд доллар инвестиция құйылған Фото: dprom.kz

Былтыр тау-кен кешені саласына құйылған инвестиция көлемі 3,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның сөзінше, сұраныс пен нақты өндіру көлемі арасындағы алшақтық байқалып отыр. 

"Кендегі металл үлесі азайып, негізгі компоненттерге қол жеткізу барған сайын саясиланып бара жатыр. Біздің еліміз үшін тау-кен металлургия кешені экономикалық өсудің тірегіне айналып, ел экономикасына қомақты үлес қосып отыр. Бұл жұмыс орындарын ашуға, өңірлерді дамытуға, инвестиция тартуға және экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді", – деді ол Астанада өткен 15-і халықаралық тау-кен металлургия конгресінде.

Вице-министр тау-кен саласына құйылған инвестиция көлемі 12%-ға өсіп, 3,6 млрд болғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу