Былтыр теміржол көлігімен 250 млн тоннадан астам жүк тасымалданған

973

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындысы бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі арқылы 256 млн тонна жүк тасымалданған. Оның 166 млн тоннасы ел аумағына, 90 млн тоннасы экспортқа жөнелтілген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр теміржол көлігімен 250 млн тоннадан астам жүк тасымалданған

Былтыр 106 млн тонна көмір тасымалданып, 2020 жылдың көрсеткішінен 3%-ға көтерілген. Қазақстандық тұтынушылар үшін 74 млн тонна қатты отын тиелген, өсім – 2%. Көмір экспорты 5,6%-ға өсіп, 32 млн тоннаға жеткен. 9 млн тонна астық тиелсе, оның ішінде 6,8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілген.

"Өткен жылы темір жол көлігімен 15,4 млн тонна құрылыс жүктері, 27 млн тонна темір кені мен марганец, 4,8 млн тонна қара металдар, 3,9 млн тонна химиялық тыңайтқыштар, 21,8 млн тонна түсті кен мен күкірт шикізаты тасымалданды. 2020 жылдың деңгейіне қарағанда мұнай жүктерін тасымалдау 5,6%-ға, яғни 17,5 млн тоннаға дейін өсті. Транзиттік контейнерлік тасымалдар 1 млн-нан ЖФЭ астамды құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 22%-ға жоғары", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу