Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов туризм мәселелері жөніндегі кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мысалы, Атырау облысында туристердің 3,5 есе, яғни 2021 жылы 30,5 мың адамнан 2022 жылғы 108 мың адамға дейін өсуі байқалады. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне байланысты. Сонымен қатар әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. Аталған кезеңде оңтүстіктегі астанамыз туристердің рекордтық санын – 1,2 млн-нан астам қонақты қабылдады", - деп атап өтті Асхат Оралов.
Табыстың өсуі елдің барлық өңірлерінде тіркелген.
Атырау облысында – 3 есе, Алматы қаласында – 2 есе. 5 өңірде (Астана қ., Ақмола, Павлодар, ШҚО+Абай обл., Маңғыстау облыстары) өсім 60% - дан 75% - ға дейін құрайды.