Былтыр Түркістан облысының шипажайларына 85 мыңнан аса адам барған

1623

Өңірде денсаулықты қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметін көрсететін 43 ұйым жұмыс істейді.

Былтыр Түркістан облысының шипажайларына 85 мыңнан аса адам барған

2018 жылдың қорытындысы бойынша, былтыр Түркістан облысының шипажай-курорттық ұйымдарында 85 009 адам ем-дом алып, тынығып қайтқан.

ҚР статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінгі таңда Түркістан облысында денсаулықты қалпына келтіру және медициналық оңалту қызметін көрсетуші 43 ұйым жұмыс істейді, оның 34-і шипажай, 3-і – мамандандырылған шипажай, тағы 3-і оңалту орталығы болса, одан басқа 3 ұйым осы бағытта қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу