Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен

727

Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова Парламенттің бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Былтыр Ұлттық қордан алынған қаражат түскен кірістен асып кеткен

"2015 жылдан бері Ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. 2019-2020 жыл туралы айтып отырған жоқпыз. Шынымен де пандемиямен байланысты дағдарысқа қарсы шараларға қаржы қажет болды. Бірақ 2021 жылы жалпы ахуал айтарлықтай жақсарды. Мемлекет басшысының республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатына арқа сүйемеуі керектігі туралы тапсырмасына қарамастан, 2021 жылы 4,5 трлн теңге жұмсалды. Ал бұл кезеңде Ұлттық қорға 4,3 трлн теңге ғана кіріс түскен", – деді Наталья Годунова.

Оның айтуынша, 2022 жылдың басында Ұлттық қор қаржысы 55 млрд долларға дейін қысқарған. Заңға сәйкес трансферттерді бөлу тек Үкіметте көзделген бағыттар бойынша қарастырылуы тиіс. Сонымен қатар ең төменгі теңгерім 30%-дан төмендемеуі тиіс. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу