Былтыр жемқорлар ел қазынасынан 3,3 миллиард теңге ұрлаған

1055

Статистика бойынша, былтыр парақорлыққа қатысты 2,8 мың іс қаралып, 2 мыңы жабылған.

Былтыр жемқорлар ел қазынасынан 3,3 миллиард теңге ұрлаған Фото: kapital.kz

Былтыр жемқорлар ел қазынасынан 3,3 млрд теңге ұрлаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Статистика бойынша, былтыр парақорлыққа қатысты 2,8 мың іс қаралып, 2 мыңы жабылған.

Оның ішінде ең үлкен сома – 2 млрд теңгені өзінің қызметтік уәкілеттігін асыра пайдаланғандар жымқырған. 624,4 млн-ды алаяқтар ұрласа, тағы 282 млн теңге мүлікті заңсыз иеленгендердің қалтасына түскен.

Сондай-ақ, жемқорлық бабымен экономикалық контрабанда жасағандар – 115 млн, парақорлар – 167 және пара бергендер 35 млн шығын келтірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу