Былтыр жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 20 мыңға жуық көлік сатылды

1143

Өткен жылы елімізде 359,5 млрд теңгеге 50 мыңнан астам көлік шығарылды. Өндіріс өсімі 62,5% құрады.   

Былтыр жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 20 мыңға жуық көлік сатылды

2019 жылы "Азия Авто" зауытында 20 мың автокөлік, "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" кәсіпорнында 25802 (жеңіл, жүк автокөліктері, автобустар мен арнаулы техника), "Hyundai Trans Auto" ЖШС-де 496 (автобустар, жүк техникасы), "КАМАЗ-Инжиниринг" ЖШС зауытында 994 дана көлік құралы, "Daewoo Bus Kazakhstan" зауытында 496 (автобустар, ГАЗель "Next") және "СемАЗ" кәсіпорнында 1851 техникалық құрал (жүк көлігі, автобустар, ГАЗель) шығарылды.

Айта кетсек, отандық автоөндірушілерді қолдау мақсатында өткен жылы коммерциялық техникаға утилизациялық жиын мөлшері арттырылды. Оған қоса, Ұлттық банктің жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды.

"Ол бойынша 5 жылдың ішінде 100 млрд теңге (жылына 20 млрд теңгеден) бөлінеді. 2019 жылдың қазан айында алғашқы транш бөлінді. Нәтижесінде қаражатты револьверлік меңгеру әдісін есептегенде 101,5 млрд теңгеге 19946 дана көлік құралы сатылды",– делінген ИИДМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу