Былтыр жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерге 1,5 трлн теңге жұмсалған

738

Риелторлық қызметке сұраныс 17%-ға төмендеді.

Былтыр жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтерге 1,5 трлн теңге жұмсалған Фото: inbusiness.kz

2020 жылы жылжымайтын мүлікке қатысты операцияларға 1,52 трлн теңге жұмсалды, деп хабарлады inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 
Ақшаға шаққанда көрсеткіштер 37,5%-ға артқан. Ал шынайы өсім – 41%. Бұл осыған дейінгі ең жоғары көрсеткіш.

Сектордағы қызметтердің жартысынан көбі жылжымайтын мүлікті жалға алу мен басқару еншісінде. Яғни, 883,2 млрд теңге. Ал жалға берілген нысанды қайта жалға беріп, пайдалануға 313,6 млрд теңге жұмсалған. 

Сатып алу мен сату кезіндегі делдалдық қызметтерге 18,1 млрд теңге тиесілі. Бұл өткен жылдан 16,8%-ға төмен. Осы орайда биылғы жылдың бірінші жартысында сатып алу мен сату шарттары 44,2%-ға артқанын ескерген жөн. Мамандардың пікірінше аталған үдеріс зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алуға байланысты. 

Өңірлер бойынша жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтердің төрттен үші Нұр-Сұлтан (593,5 млрд теңге) мен Алматыға (536,4 млрд теңге) тиесілі.
Ең төмен көрсеткіш Түркістан (5,5 млрд теңге), Қызылорда (6,3 млрд теңге) облыстарында тіркелген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу