Былтыр зиянды әрі қолайсыз жағдайда жұмыс істегендердің саны белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми телеграм арнасы жазған.   

Былтыр зиянды әрі қолайсыз жағдайда жұмыс істегендердің саны белгілі болды Фото: Altaynews.kz

Қазақстанда 2025 жылы зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін әйелдердің нақты саны 80,4 мың адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жалпы, өткен жылы зиянды және өзге де қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген қызметкерлердің нақты саны 396,5 мың адамды құрап отыр. Бұл – зерттелген кәсіпорындардағы барлық қызметкердің (1,7 миллионнан) – 22,2%-ы. 

– Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндердің ең көп саны өнеркәсіп саласында тіркелді – 272,7 мың адам. Оның арасында өңдеу өнеркәсібінде 115 мың адам, тау-кен өндіру және карьерлерді игеру саласында 114,7 мың адам жұмыс істейді, – делінген ресми мәліметте. 

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында (56,3 мың адам) тіркелді. Ал Маңғыстау облысында олардың саны 37,2 мың адамға жетсе, Павлодар облысында – 49,2 мың адам, Шығыс Қазақстан облысында – 25,1 мың адам және Алматы қаласында – 24,5 мың адамды құрады. Ең төмен көрсеткіш Алматы облысына (4,1 мың адам) тиесілі. 

2025 жылы меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жұмсаған шығындары 558,1 млрд теңге болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу