Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz
"Азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша 13 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Сонымен қатар 13,8 мың жалға берілетін және кредиттік пәтер салынып жатыр", – деп хабарлады министрлік.
Тұрғын үй құрылысының циклін автоматтандыру үшін ҚР ИИДМ құрылыс процесінің барлық қатысушысына арналған eQurylys жүйесін әзірлегенін айта кету керек. Қазір E-Qurylys платформасы республика бойынша техникалық қадағалау есептерін электронды түрде жинауға қолғабыс етіп келеді.
"Мәселен, 2022 жылдан бастап e-Qurylys жүйесінде қанатқақты режімде "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ-ның облигациялық зайымдары есебінен 109 автомобиль жолдары жобасы мен 80 тұрғын үй жобасы қаржыландырылып, іске асырылды", – деп хабарлады министрлік.