Былтырғы локдаундар ауа сапасына жақсы әсер етті

924

Атмосфераға шығарылатын зияндық қалдықтардың көлемі 2%-ға төмендеді.  

Былтырғы локдаундар ауа сапасына жақсы әсер етті

Былтыр елімізде стационарлық көздерден ауаға шығарылатын зиянды қалдықтардың көлемі 2,4 млн тоннадан асты, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7% -ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған көрсеткіш соңғы 5 жылдан бері алғаш рет төмендегені байқалады. 2015 жылдың басында 3,4%-ға кемісе, содан кейін тек өсіп отырған. 

100 -ден аса елдердің ауа сапасын салыстыруға негізделген IQAir зерттеуінің нәтижелеріне сүйенсек, 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда ауа сапасы 84% жақсарған. Бірақ ластаушы заттардың деңгейі 2021 жылы қайта өсуі ықтимал. 

2020 жылы стационарлық көздердегі тазарту қондырғылары шығарындылардың 93,1%-ын, 2019 жылы - 93,2% 
залалсыздандырды.

Ауаға шығарылатын ластаушы заттардың 79,5%-ы газ тәрізді сұйықтықтар, 20,5%-ы қатты қалдықтар.

Ауаға зиянды қалдықтар шығару бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2016 жылы зауыт, фабрикалардан таралған улы қалдықтардың үлесі 80,8%, 2019 жылы - 85,8%, ал 2020 жылы - 86,6% болды.

Ел аймақтарының ішінде қоршаған ортаны ластаушы заттардың жартысынан көбі Павлодар (723 мың тонна) мен Қарағанды ​​(627,7 мың тонна) облыстарынан тарайды.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу