Былтырғы жылы ҚТЖ желісі арқылы астық экспорты 18%-ға өсті

515

Орталық Азия елдері қазақстандық астықтың негізгі нарығы болды. 

Былтырғы жылы ҚТЖ желісі арқылы астық экспорты 18%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

2022 жылы "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының қызмет көрсету желісі бойынша 10 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде 8 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап.         

"Былтырғы жылы да Орталық Азия елдері қазақстандық астықтың негізгі нарығы болды, бұл бағыттағы экспорт 11%-ға өсіп, 5,6 млн тоннаны құрады", - делінген ақпаратта.

Бұл ретте Қытайға жеткізілім көлемі 2,3 есеге өсіп, 600 мың тоннаны құраған.

"Бұл өсім контейнерлік тасымалдың дамуымен байланысты", - деді компания өкілдері.   

Ұнтақталған өнімдерді тасымалдауда да оң динамика байқалды. Осылайша, 2022 жылы ұн тасымалдаудың жалпы көлемі 3,1 млн тоннаны құрады, оның ішінде экспортқа – 2,3 млн тонна тасымалданған. Оның ішінде негізгі көлем Орталық Азияға – 2 млн тонна және 300 мың тонна - Қытайға жөнелтілген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу