Бюджет 617 млрд теңге жоғалтып отыр

737

2025 жылы шығын 1,2 трлн теңгеге жетуі мүмкін. 

Бюджет 617 млрд теңге жоғалтып отыр

Сауда және интеграция министрі нарықтың 40%-ын көлеңкелі экономикадан шығаруды жоспарлап отыр. 

Министрдің мәлімдеуінше, көлеңкелі экономиканың кесірінен бюджет 617 млрд теңге жоғалтып отыр. 2025 жылы шығын 1,2 трлн теңгеге жетуі мүмкін.

"Біз 2025 жылға дейін ішкі сауданың 40%-ын көлеңкелі экономикадан шығару шараларын қолға алып жатырмыз. Нәтижесінде қазынаға жыл сайын 470 млрд 500 млн теңге салық түседі", – деді министр.

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, мақсатқа жету үшін өңіраралық қызмет көрсету кластері құрылады. 

"Бұл үшін шекара аймағындағы өңірлерге басымдық береміз", – деді ол. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу