Бюджет базалық сценарий бойынша жоспарланды

1161

Сенаттың жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2022 жылы елдегі жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9%-ды құрауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бюджет базалық сценарий бойынша жоспарланды

"Келесі жылы әлем экономикасы – 4,9%-ға, 2023 жылы 3,5%-ға өседі деп болжанып отыр. Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус-болжамы бойынша келесі жылы мұнайдың бағасы барреліне 64,5, 2023 жылы – 58 долларды құрайды", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, бюджетті жоспарлауға негіз ретінде базалық сценарий алынды. Соған сәйкес мұнай бағасы барреліне 60 доллар деп болжанып отыр. 

"2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9%-ды құрауы мүмкін деген болжам жасалды. Бұл көрсеткіш 2026 жылы 5,2%-ға дейін жетеді. Бес жыл аралығында жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8%-ды құрайды", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу