Бюджет есебінен 12 қауіпті зиянкеске қарсы іс-шаралар жүргізілуде

1002

Сапархан Омаров фитосанитариялық қауіпсіздіктің қазіргі жай-күйі туралы хабардар етті.

Бюджет есебінен 12 қауіпті зиянкеске қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу толығымен аяқталды. Бұл туралы АШМ басшысы Сапархан Омаров баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша бүгінде 7,3 мың га өңделген, оның ішінде Түркістан облысында 5,0 мың га және Жамбыл облысында 2,3 мың га.

Итальяндық прус пен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары жалғасуда екен. Биылғы 4 шілдедегі жағдай бойынша итальяндық прус бойынша 341,7 мың га және азиялық шегірткелерге қарсы 133,2 мың га өңделген.

"Бұдан басқа, негізгі астық егетін өңірлерде 1,7 млн га алаңда астық ауруларына қарсы химиялық өңдеулер жүргізуге кірісу жоспарлануда, оның ішінде Ақмола облысында – 739,7 мың га, Қостанай облысында – 438,1 мың га және Солтүстік Қазақстан облысында – 574,0 мың га. Аталған өңірлерге фунгицидтердің барлық көлемі толықтай жеткізілген. Осыған байланысты, Министрлік егістіктердің бүлінуіне және егіннің жоғалуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдауда",­ – делінген хабарламада.

Айта кетсек, зиянкестермен күреске жыл сайын республикалық бюджеттен 7,2 млрд теңгеге дейін қаражат бөлініп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу