Бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

570

7,4 миллион теңге ақша ұрланғаны анықталды.

Бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу басталды

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті "QAMQOR" жедел – алдын алу іс шаралары нәтижесінде "Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының" шатырын күрделі жөндеуден өткізу  барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалардың 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп жазылған хабарламада.

ҚР Қылмыстық  процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу