Бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану қажет – Әлихан Смайылов

747

2022-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық болжамға сәйкес, еліміздің жалпы ішкі өнімінің нақты орташа жылдық өсу қарқыны 4,8%-ды құрайды. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану қажет – Әлихан Смайылов

"Жалпы ішкі өнім 2022 жылы номиналды түрде 4,8%-ға өссе, республикалық бюджеттің салық кірісі 29%-ға көбейеді. Бұл орта мерзімді кезеңде Ұлттық қорға тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді", – деді Әлихан Смайылов. 

Оның айтуынша, Ұлттық қордан берілетін трансферт көлемі 2022 жылы – 1,6 трлн, 2023 жылы – 350 млрд, 2024 жылы 200 млрд теңгеге қысқарады. 

"Барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалады. Бұл ретте бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану қажет. Жалпы алғанда, Қазақстан экономикасының орта мерзімді кезеңдегі даму перспективасы ұлттық экономиканы нығайтуға, бәсекелестікті дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған", – деді үкімет басшысының бірінші орынбасары. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу