Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісінің жолы кесілді

Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.  

Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісінің жолы кесілді Фото: freepik.com

Антикордың дерегінше, облыстық цифрлық технологиялар басқармасы жалпы сомасы 20 млн теңгені құрайтын компьютерлік техника сатып алуға конкурс жариялаған. Шенеуніктер 32 компьютер, үш ноутбук және төрт моноблок сатып алуды жоспарлаған.

Сатып алуға жоспарланған тауарлардың орташа құны олардың нарықтық бағасынан айтарлықтай асып кеткен (60-тан 100%-ға дейін). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін мәміле жүзеге аспады, конкурс қайта өткізіледі.

"Бірыңғай мемлекеттік сатып алу порталы" жүйесіне 2023 жылдың басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 1 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік органдардың негізсіз сатып алуларына тосқауыл қою мүмкін болды.

Мәселен, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандандырылған бейнеконференцбайланысқа 50 млн теңге жұмсауды жоспарлаған болса, мұндай жүйенің нарықтағы орташа бағасы небәрі 4 млн теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу