ҚР сыртқы істер министрлігінің "Шаруашылық басқармасы" РМК директорының міндетін уақытша атқарушы бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының міндетін уақытша атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Лауазымды тұлға консультациялық қызметті көрсету бойынша нақты атқарылмаған жұмыстарға азаматтық (некедегі) жолдасының шотына заңсыз аудару арқылы 783 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салуда күдікті деп танылуда", – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.
Агенттіктің ресми өкілі аталмыш іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.