Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланатын шенеуніктерге жаза қарастыру ұсынылды

579

2021 жылы жалпы сомасы 413 млрд теңге мемлекет қаржысы тиімсіз игерілген. 

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланатын шенеуніктерге жаза қарастыру ұсынылды

Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Біздің ойымызша, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері жоқ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыстар жасауды, мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік құқық бұзушылықтарға теңестіру дұрыс болар еді. Бұл орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, басқа мақсаттарға пайдалану, тауарлық-материалдық қорлар мен қаражаттың жетіспеушілігі, дебиторлық берешекті негізсіз есептен шығару және басқалары үшін төлемдер", – деді Есеп комитетінің басшысы.

Бұл ретте ол 2021 жылы жалпы сомасы 413 млрд теңге мемлекет қаржысы тиімсіз пайдаланылғанын атап өтті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу