Бюджет қаражатын жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды

910

Ол қылмыстық әрекетін өзі құрған ЖШС арқылы жүзеге асырған.   

Бюджет қаражатын жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды

Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет былтыр мемлекеттік сатып алу бойынша 4 млн 500 мың теңге жымқырды деген күдікке іліккен қалалық патологоанатомиялық бюро директоры Б.Д. Әлібековке қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Күдікті заңда көрсетілген шектеуге қарамастан Veritas Primus деп аталатын ЖШС ашып, сол арқылы бюджет қаражатын өзіне аударып отырған. Бұған қоса бюро директоры жаңа салынып жатқан патологоанатомиялық бюроға медициналық жабдық жеткізу бойынша құжаттарға еш кедергісіз қол қою үшін алматылық кәсіпкерден 14 млн теңге пара алды деген де күдікке іліккен. 

Қазіргі кезде қылмыстық іс сотқа тапсырылды. Айыпталушыға қатысты соңғы шешімді сот шығаратын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу