Бюджет қаржысы жұмсалған қос нысан жарамсыз күйде

472

Атырауда бюджеттен 3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған концерт залының құрылысы әлі аяқталмай тұр. 

Бюджет қаржысы жұмсалған қос нысан жарамсыз күйде Фото: egemen.kz

Жауаптылар 10 жыл бұрын басталған 1200 орындық нысанның бөліктері жарамсыз болып қалғанын айтады. Ғимаратты қайта қолға алу үшін тағы 5 млрд теңге қажет, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазына қаржысы жұмсалған бұл нысанда жұмыстар 2011 жылы басталған. Ерекше архитектуралық ғимарат үшін сол кездегі өңір әкімі Бергей Рысқалиевтің басы үлкен дауға қалған еді. Себебі мердігер компанияның үстінен іс қозғалып, жобаға артық ақша аударылғаны анықталған. 

"Сметалық бағасы концерт залының 3 млрд 800 млн. Құрылыс тоқтатқан уақытта 2012 жылы 2,3 млр жойылып кеткен концерт залының. Соны тексеру кезінде 1 млрд артық кетіп қалғаны анықтаған сол кезде. Ол кері қарай қайтарылды ма, қайтарылмады ма ол жайлы мәлімет жоқ", дейді Облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Сақпаров.

Қазір концерт залы сұрықсыз күйде. Терезелері сынып, темірлерін тот басқан. Қараусыз қалған аумақта қоқыс көп. Жауаптылар 10 жыл бұрын салынған нысан бөліктерінің жарамсыз екенін мойындайды. Қазір оны басқарма балансына алуға күш салып жатқан көрінеді. Бірақ нәтиже аз. Шенділер арызда қателік жібергендіктен, сот рұқсат етпей отыр. 

"Снабойлстрой ЖШС-нен Атырау облысы құрылыс басқармасы ММ-не қабылдау-тапсыру актісінің болу фактісін анықтауды сұраған. Атырау қалалық сотының 2022 жылы 5 қазандағы ұйғарымымен аталған арызды қабылдаудан бас тартылған. Себебі арызданушының қойған мәселесі сотпен анықталуға жататын заңдық маңызы бар фактілер жатпайды. Ұйғарымда тараптардың мемлекеттік сатып алу шартын даулауға құқылы екендігі түсіндірілді", деді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Мейрамгүл Өтеғұлова.

Қымбат Даирқызы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу