Бюджет қаржысын игере алмаған 4 министрлік

506

Бұл туралы Қаржы министрі мәлімдеді

Бюджет қаржысын игере алмаған 4 министрлік Фото: inbusiness.kz

Бюджеттің 55 миллиард теңгесі игерілмей жатыр. 4 ай бойынша қорытынды жасаған Қаржы министрі бүгін үкімет отырысында осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, жоспардан қалып, бөлінген қаржыны игере алмай жатқандардың ішінде 4 министрлік топ бастап тұр екен.

Олар - Асхат Оралов басқаратын Мәдениет және спорт министрлігі, Дархан Қыдырәліге сеніп тапсырылған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Зүлфия Сүлейменоваға бағынышты Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Бағдат Мусин 4 жылдай басқарып отырған Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу