Бюджет қаржысын қалтасына басқан бухгалтер сотталды

1130

Ол 5 жыл бойы заңсыз іспен айналысқан.

Бюджет қаржысын қалтасына басқан бухгалтер сотталды

Қаржылай мониторинг агенттінің Павлодар облысы бойынша департаменті білім беру мекемесінде қызмет ететін есепшінің әрекетін әшкере етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің бас есепшісі 2015-2020 жылдар аралығында өзінің қызметін асыра пайдаланып, бюджеттік қаражатты иемденіп алған. Бес жыл аралығында барлығы 26 млн теңге қолды болды. Департаменттің мәліметінше, бұл сома қызметкерлердің жалақысын төлем, әлеуметтік аударымдарын жасауға жұмсалуға тиіс еді.

"Колледждің бас бухгалтері өзінің таныстары мен туыстарын қағаз жүзінде білім беру мекемесіне жұмысқа орналастырып, кейін оларға берілетін жалақыны өзіне аударып отырған", – делінген ресми хабарламада.

Заңсыз әрекетке барған есепші 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бостандыққа шыққан соң 10 жыл аралығында бухгалтерлік қызметпен айналыса алмайды.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу